Алматылықтар метро кіреберісіндегі ұзын-сонар кезекке шағымданды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы метро бекеттерінің кіреберісінде ұзын-сонар кезек пайда болатын болған. 

Алматылықтар метро кіреберісіндегі ұзын-сонар кезекке шағымданды
Фото: Әлеуметтік желіден

Бұл жағдайға қала тұрғындары әлеуметтік желіде шағым білдірді. Ондағы мәліметке сәйкес, метро турникеттерінде QR-код арқылы не банк карталары арқылы жолақысын төлеуге болмайды. Бірақ бұрын аталған қызметтер қолжетімді болған.

Алматы метрополитені бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.

— Алматы метросында «Оңай» QR-коды арқылы жолақыны төлеу пилоттық режимде жүргізілді. Тестілеу барысында QR-кодтарды қабылдау процесінің баяу жүретіні анықталды, бұл әсіресе қарбалас уақытта кезектің пайда болуына себеп болды. Осыған байланысты QR-код арқылы төлем жасау функциясы жүйенің тұрақтылығын арттыру және техникалық жетілдіру жұмыстары аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды, — деп хабарлады метро әкімшілігі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы метросында 2026 жылы турникеттер жаңартылатынын жазғанбыз. Бұл жұмыстар аясында турникеттер банк карталары, Apple Pay, Google Pay және Samsung Pay арқылы төлем қабылдай алатын жанаспайтын төлем жүйесімен жабдықталады

Соңғы жаңалықтар