Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматының Бостандық ауданында уақытша су беру шектеледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бостандық ауданында сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты су беру уақытша тоқтатылады.

Алматының Бостандық ауданында уақытша су беру шектеледі
Фото: Табиғи монополияларды реттеу комитеті

«Алматы су» мекесінің мәліметінше, 13 тамыз сағат 21:00–ден 14 тамыз сағат 06:00–ге дейін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарда су беру тоқтатылады. Уақытша су болмайтын аймақ: Әл-Фараби даңғылы — Назарбаев даңғылы — Абай даңғылы — Байзақов көшесі — Ботаникалық бақ — Ерғожин көшесі.

— Жұмыстар қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында қолға алынған. Су беру қайта қалпына келтірілгеннен кейін су құбырларының желілерін шаюға байланысты судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін, — деп ескертті «Алматы су».

Мекеме мамандары су берілгеннен кейін желілер толық шайылғанша тұрғындарға кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесіне қосылған басқа да құрылғыларды пайдаланбауды ұсынады.

Еске салайық, Алматыда бірнеше күнге Жандосов және Центральная көшелері жабылды.