Алматыда бірнеше күнге Жандосов және Центральная көшелері жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласында екі көшенің учаскелері 4 күнге жабылады.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
11 тамыз сағат 23:00–ден 15 тамыз сағат 23:00–ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Сондай-ақ Бостандық ауданындағы Центральная көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 11 тамыз сағат 20:00–ден 15 тамызға дейін Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы толығымен жабылады.
— Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Канье Уэст концертіне байланыств Алматыда 14 тамызда 32 қоғамдық көлік бағыты өзгереді.