Алматының ботаникалық бағы бір күнге жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматылықтардың сүйікті демалыс орындарының бірі — Бас ботаникалық бақ 1 күнге жабылады.
Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады. Ресми мәлімдемеге сәйкес, 4 мамырда ботаникалық бақта жоспарлы санитарлық жұмыстар жүргізіледі.
— Бұл күні бақ уақытша жабылады. Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00–ден 20:00–ге дейін жұмыс жасайды. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00–15:30, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматының ботаникалық бағы 1 сәуірден бастап жаңа жұмыс кестесіне ауысты. Оған дейін қысқы жұмыс кестесі бойынша мекеме келушілерді сағат 10:00–ден 18:00–ге дейін қабылдаған болатын.
Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ботаникалық бақ билеттерінің бағасы өсті.