Алматының бір ауданында апатқа байланысты ыстық су өшірілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — 2025 жылғы 3 қазанда Алматының Алмалы ауданындағы Шәкәрім көшесінде тарату жылу желісіндегі құбыр зақымданды.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, апат 2010 жылы пайдалануға берілген құбырдың коррозияға ұшырауы салдарынан болған.
— Зақымданған диаметрі 200 мм құбыр учаскесін қалпына келтіру үшін «Алматы жылу желілері» бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 3 арнайы техника және 8 маман жұмылдырылған, — делінген хабарламада.
Апат салдарынан Шәкәрім — Прокофьев — Құлымбетов — Брусиловский көшелері аумағындағы тұтынушыларға ыстық су беру уақытша тоқтатылды.
Ыстық су бүгін сағат 23:00 шамасында қайта беріледі деп жоспарланып отыр.
Компания аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінді.
Сонымен қатар тұрғындарға кез келген төтенше жағдай (су ағуы, бу шығуы және тағы басқа) болған кезде өз бетінше әрекет жасамай, мына нөмірлерге дереу хабарласуды ескертті:
• +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы);
• +7 (727) 341-07-77 (08:00–18:00 аралығында);
• 109.
Еске салайық, бұған дейін Алматының кей ауданында екі күн суық су болмайтынын жазғанбыз.