Алматының метро бекеттерінде кітап автоматтары орнатылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда тұрғындар үшін кітап қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясында Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев айтты.

Алматы метро
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Мәслихат депутаттары келесі жылдың бюджетінде Алматы кітапханалары жүйесі үшін бөлінген 82 миллион қайда жұмсалатынын сұрады. Айтылған сауалға Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев жауап берді.

- Мемлекет басшысы осы жылы құрылтайда сөйлеген сөзінде кітапханалар жүйесіне үлкен мән берді. Алматы қаласында бұл бағытта 99% кітапханалар модернизациядан өтті. Келесі 100%-ға жеткізу жоспарымызда бар. Ерекше айтатын дүние - жыл соңына дейін 20 автоматтандырылған кітапханалар аппараты метрополитен станицияларында және ойын-сауық орталықтарында орнатылады. Бұл кітаптарды есепке алу және оның кітапханаға жетуін, кітапханадан шығуын қадағалайтын жүйе. Біз бұл жұмысты былтыр бастағанбыз, соны қазір жалғастырып жатырмыз. Сіздер қолдаған жағдайда 290 мың кітапты осы аппараттарға енгізіп, алматылықтар үшін кітапхана жүйесінің қызметін қолжетімділігін арттырамыз, - деді басқарма басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылғанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар