Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылды, олар мәтінді тактильді форматта көрсетеді.

Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы кітапханаларында Брайль қарпімен басып шығаратын принтерлер, мәтіндерді үлкейту және олардың контрастын өзгертуге арналған құрылғылар, мәтінді оқып, оны дыбыстық форматта шығаруға және аудиоға айналдыруға мүмкіндік беретін сканерлер қолжетімді.

Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылды
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл жұмыстар көзі нашар көретін және зағип жандар үшін кітаптар мен басқа да білім беру материалдарына инклюзивті қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.

Жобаның артықшылығы, арнайы жұмыс станцияларында көзі нашар көретін азаматтар өздері қызмет етеді. Бұл келушілерге олардың қажеттілігін жақсы түсінетін мамандардан білікті көмек алуға мүмкіндік береді.

Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылды
Фото: Алматы әкімдігі

– Басты мақсатымыз – барлық азаматтың білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Біз кітапханаларды әркім оқып, дамуға мүмкіндік алатын инклюзивті кеңістікке айналдыруға тырысамыз. Қала әкімі Алматыны әділетті және әр тұрғынға қамқорлықпен қарайтын үлгі қала ету міндетін қойып отыр. Біз соның ішінде мәдениет саласында, осы мақсатқа қол жеткізетін бастамаларды белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Жалпы, әр кітапхана қоғам өмірінің орталығына, даму, шығармашылық және өзара әрекеттесу кеңістігіне айналуда, мұнда оқырмандар ресурсты, қолдауды және шабытты таба алады, – деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылды
Фото: Алматы әкімдігі

Арнайы жұмыс станциялары орнатылған кітапханалар:

– А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана (Гоголь көшесі, 109), №14 көпшілік кітапхана-филиалы (Римский-Корсаков көшесі, 3);

– №4 көпшілік кітапхана-филиалы (Абай даңғылы, 141), ALATAU CREATIVE HUB (Нұркент шағын ауданы, 5/11);

– №45 көпшілік кітапхана (Мамыр-7 шағын ауданы, 8 а);

– Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы (Назарбаев көшесі, 43);

– Қазақ жазушылары кітапханасы (Алтынсарин көшесі, 37).

Осыған дейін Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар ашылып жатқаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар