Алматының жеті ауданында жарық уақытша өшіріледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Алатау Жарық Компаниясы» электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

жарықсыз қалды
Фото: Pixabay

Осыған байланысты 8-13 маусым аралығында Алматының бірқатар ауданында электр энергиясы уақытша өшіріледі.

Жөндеу жұмыстары әуе және кабель желілерінде, сондай-ақ трансформаторлық қосалқы стансаларда жүргізіледі.

Электр қуатын беру негізінен күндізгі уақытта — сағат 08:00–17:00 немесе 09:00–17:00 аралығында уақытша шектеледі.

Жоспарлы өшірулер Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Алатау аудандарындағы тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандар мен жекелеген кәсіпорындарға әсер етеді.

Компания кесте жоспардан тыс жұмыстар мен техникалық қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда және облыста қарызы бар тұрғындарың жарығы өшіріле бастайтынын жазғанбыз.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысы тұтынушыларының электр энергиясы үшін жалпы берешегі шамамен 34 млрд теңгеге жеткен.