Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Қала әкімінің өкімімен Дін істері жөніндегі басқарма басшысы міндеттерін атқарушы қызметіне Шегебек Қауымбаев тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бұған дейін Ш.Қауымбаев Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Мәдениет басқармасы басшысының м.а. болып Ерболат Әуезовтың орнына Маркен Ахметов тағайындалған. Бұған дейін М.Ахметов Алматының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына жетекшілік еткен.

Соңғы жаңалықтар