Алматы әкімі АҚШ пен Венгрияның консулдарын қабылдады

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов АҚШ-тың Бас консулы Тереза Энн Гренчик пен Венгиярның Бас консулы Ференц Блауманнды қабылдады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Кездесу барысында қала әкімі Тереза Энн Гренчикті жаңа қызметімен құттықтап, табыс тіледі. Қала басшысы Алматы мен Құрама штаттар арасында достық байланыстың мықтап орныққанын айтты.

Қала әкімі Алматыны БАҚ пен саяси құрылымдар шоғырланған демократиялы қала деп атап өтті. Кездесу барысында АҚШ консулымен Алматыдағы Армия үйінің жанындағы шлагбаум мәселесі сөз болды. Тереза Энн Гренчик консулдық тарапынан бұл мәселені шешу жолдары қарастырылатынын айтты.

Қала әкімі кездесу барысында Алматының әлеуметтік және экономикалық, экологиялық жағдайларын айтып берді.

Венгрияның Бас консулы Ференц Блауманнмен болған кездесуде де түрлі мәселелер сөз болып, қазақстандық-венгриялық қарым-қатынас әңгімеленді.

Соңғы жаңалықтар