Алматы әкімі Бельгиядағы іссапары кезінде Брюссель бургомистрімен кездесті

МАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Брюссельде 2017 жылы болатын 28-ші Қысқы Универсиаданы Алматыда өткізу жөніндегі өтініш беру комитетінің тұсаукесер рәсімі өтіп жатыр.
None
None

Бельгияға қазақстандық делегацияны бастап барған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов сапар аясында Брюссель бургомистрі Фредди Тилеманспен кездескен. Қала әкімдігінің сайтында жариялаған хабарламаға қарағанда, Ф. Тиемаенс Алматының 7-қысқы Азия ойындарын жоғары деңгейде өткізгенін және қалада спорттық инфрақұрылым да жақсы дамығанынан хабардар екенін айтқан. Сондай-ақ 2017 жылы енді қысқы Универсиада ойындарын өткізуіне өзінің тілектестігін білдірген.

А. Смағұлұлы 1998-2001 жылдары Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі болып жұмыс жасаған болатын. Алматы қаласының әкімі Еуропадағы ең тұрақты мемлекеттердің бірі саналатын елдің қарқынды даму жолындағы көрікті шаһарының тәжірибесіне өз қызығушылығын білдірді. Брюссельдік әріптесімен сондай-ақ қалалық басқару, көлік жүйесін дамыту, инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымдар және қауіпсіздік салалары бойынша тәжірибелер алмасты.

Соңғы жаңалықтар