Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Қазанбаев: Ата заң - қоғам дамуының түп қазығы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қоғамы дамуының түп қазығына айналған Ата заң тәуелсіз мемлекеттің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының іргелі принциптерін бекітіп, демократиялық институттың дамуына мықты серпін берді. Осындай пікірін бүгін Алматы әкімдігінде өткен жиын барысында Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Қалдыбай Қазанбаев білдірді.
None
None

Кеңейтілген отырысқа қалалық актив мүшелері, басқарма басшылары, мәдениет және өнер саласының мамандары қатысты. «Ата заң қоғам дамуының түп қазығына айналды. Негізгі құжатымыз Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттік құрылысының іргелі принциптерін бекітіп, демократиялық институттардың дамуына мықты серпін берді. Конституцияда көрсетілген қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамудың негізі болып отыр. Бүгінгі таңда Отанымыз - Қазақстан үздік елдер қатарынан орын алып, халқаралық аренада беделі артып келеді. Осы жетістіктердің барлығы қоғамдағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықтың арқасы», - деді ол. Мәслихат хатшысы ел еңсесінің көтерілуіне Ата заңымыз - Конституцияның қосқан үлесі зор екендігін атап өтті. «Соның жемісі ретінде қаламыздың да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жақсарып келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Конституциямыздың бізге берген ең басты құндылығы - таңдау құқығы, яғни әр адам өз өмірінің қожасы болып отыр. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі - халықтың өзі екендігін танытады. Әлем танып мойындаған Тәуелсіз мемлекеттің болашағы жарқын, келешегі айқын екендігіне әр қазақстандықтың сенімі мол. Әр қазақстандық келешекте мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі болып отырған Конституцияның тек мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін маңыздылығын сезінді. Конституция - мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан халқымыздың бұлжымас бағдары, келешегіміздің кемел кепілі», - деп қорытындылады сөзін Қалдыбай Қазанбаев.

Соңғы жаңалықтар