Алматы қаласында ұлттық мәдени орталықтардың рейтингі жасалуда
АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қазақстандық және шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кеше этно-мәдени орталықтардың жұмысымен танысып шықты. Ол Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Мәдениет пен өнерді дамыту мақсатында шығармашылық этно-мәдени бірлестіктермен іс-шаралар кешенін өткізу» тақырыбындағы жоба аясында жүргізілді.
«Топ құрамында «Жерұйық», «Аллажар», «Ұлттық журналистік зерттеу орталығы», «Асар», «Алаш үні», «Қазақ интернеті» сынды қоғамдық ұйымдардың және Ұлыбритания, Германия сияқты елдердің қоғамдық ұйымдарының және БАҚ -тың өкілдері болды. Мақсат - Алматы қаласындағы ұлттық мәдени орталықтардың рейтингін анықтау. Арнайы сауалнамаға жауап ала отырып жасалған этно-мәдени орталықтар жұмыстарының қорытындысы осы айдың соңында шығарылмақ. Бұл туралы 22 қараша күні Алматы қаласының әкімдігінде «Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік»тақырыбында өтетін дөңгелек үстелде айтылатын болады», -дейді Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова.