Алматы қаласының бірқатар қоғамдық ұйымдары мен қоғам өкілдері «Қазақстан-2020» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясына кіргендігін мәлімдеді

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласының бірқатар қоғамдық ұйымдары мен қоғам өкілдері «Қазақстан-2020» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясына кіргендігін мәлімдеп, баспасөз мәслихатын өткізді.
None
None

Айта кетейік, "Нұр Отан" ХДП аталған коалицияны құруға бастама көтерген еді. Оны құруға ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастама себеп болып отырғаны белгілі.

Жиын барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, "Нұр Отан" ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Махамбет Бейдали, ҚР генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ахметжан Шардинов, Алматы қаласы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Виктор Ямбаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин аталған коалицияның маңыздылығы жайында сөз қозғап, оның қатарына кіргендіктерін мәлімдей отырып, қол қойды.

«Біз сайлау өткізу жөнінде сөз қозғаған кезде оған лайықты тұлғаларды іздеуіміз керек. Ал ел басқарып отырған адамның беделі неғұрлым жоғары, әрі сәтті қызмет атқарып жатса оның мерзімін неге ұзартпасқа. Ондай жағдайлар тарихта бұрын да орын алған. Мәселен, АҚШ президенті Рузвельтті алыңыз, елдің конституциясы бойынша президент екі мерзім ғана қызмет атқару керек болса, ол төрт мерзім ел басқарған», -дейді М.Жұрынов.

Еліміз бойынша миллиондаған қазақстандықтар ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдумды өткізу туралы бастаманы қолдады. Ал Алматы қаласынан 250 мыңнан аса тұрғын референдумды өткізуге тілек білдірген.

Соңғы жаңалықтар