Алматы мен Әбу-Даби арасында жаңа әуе рейсі ашылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – 2008 жылғы желтоқсанның 2-нен бастап еліміздің Алматы мен Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласы арасында әуе рейсі қатынай бастады. Бұл жайында бүгін Etihad Airways авиакомпаниясының өкілдері мәлім етті,

Алматы мен Әбу-Даби арасында жаңа әуе рейсі ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. «Қазақстанның экономикалық дамуы мұнай саласындағы жетістіктермен байланысты болғандықтан, Қазақстан мен БАӘ арасындағы экономикалық қарым-қатынасты жақсарту өте маңызды. Біз осы Алматы?Әбу-Даби арасындағы әуе байланысы екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты дамытып, инвестиция, бизнес және туризм салаларында жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деп сенемін», дейді Etihad Airways авиакомпаниясының сауда және қызмет көрсету бойынша вице-президенті Хирт Бовен. Алматыдан БАӘ астанасына ұшу рейстері екі санат бойынша аптасына 4 рет жүзеге асады. Жолаушыларға А319 аэробусы қызмет көрсетеді, ондағы 104 орынның 20-сы бизнес санатқа жатса, 84 орын экономсанаттағы жолаушылар үшін. ЕҮ297 рейсі Алматы халықаралық әуежайынан әр сейсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері аттанады. Әбу-Дабиден Алматыға қатынау да аталған күндері жүзеге асады. Айта кетелік, Etihad Airways ? Біріккен Араб Әмірлігінің ұлттық әуе тасымалдаушы компаниясы. Қазіргі уақытта аталған компания Таяу Шығыс, Еуропа, Солтүстік Америка, Африка және Азия мемлекетттері мен қалаларына 50-ден астам бағыт бойынша рейстер жасайды. Компанияның авиапаркінде 42 лайнер бар.