18:11, 27 Мамыр 2016 | GMT +5
Алматы мен Дубай ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды - Қ.Лама-Шариф
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Алматы қаласы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде журналистерге брифинг өткізген Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама-Шариф мәлім етті.

«Жақын арада мемлекеттеріміздің мегаполистері Алматы мен Дубай арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде. Нәтижесінде, ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша құқықтық негіз орнатылады», - деп хабарлады Қ.Лама-Шариф.
Осылайша, Әмірліктердегі Елшіміздің хабарлауынша, сауда-экономикалық байланыстар, бизнес және инвестициялық жобалар, көлік-логистика және қаржы салалары, мәдени байланыс дамымақ.