09:39, 07 Қазан 2013 | GMT +5
Алматы облысында бес қабатты үйде газ жарылды
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласында бес қабатты үйде газ қоспасы жарылып, оның арты өртке ұласты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамның 4 адамы жұмылдырылды.
Жалын 6 шаршы метр жерді шарпыды. Оқиға орнынан 1986 жылы туған қыздың мәйіті табылды.