Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында ШЫҰ-ына мүше елдердің құтқару қызметтерінің халықаралық оқу-жаттығулары аяқталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Тамғалы тас шатқалында ҚР ІІМ ТЖ комитетінің «Жартасты қала - Астана» оқу-машықтану полигонында ШЫҰ-ына мүше мемлекеттердің құтқару қызметінің «Орталық Азиядағы алапат жер сілкінісі кезінде іс-шараларды ұйымдастыру және орындау» тақырыбындағы халықаралық оқу-жаттығулары аяқталды.

Алматы облысында ШЫҰ-ына мүше елдердің құтқару қызметтерінің халықаралық оқу-жаттығулары аяқталды (ФОТО)

Оқу-жаттығуға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Қытай елдерінің өкілдері қатысты. Олар басты мақсаттары - үйінді астынан зардап шеккендерді алып шығып, медициналық көмек көрсетуге машықтанды.

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко атап өткендей, оқу-жаттығулар алдына қойылған міндеттерге қол жеткізілді. Нәтижесінде ШЫҰ-ына мүше елдердің құтқару қызметтерінің ықпалдастығы артып, олар өзара тәжірибе алмасты. Айта кетейік, ШЫҰ-ына мүше елдердің біріккен оқу-жаттығулары 2009 жылдан өткізіліп келеді.