Алматы облысында үй өртеніп, 2 жасар қызды күйік шалды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданында «Вишневый сад» саяжай аумағындағы тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Алматы облысында үй өртеніп, 2 жасар қызды күйік шалды

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамының 4 адамы жұмылдырылды. Оқиға салдарынан 2 жасар қыз бен 20 жасар әйел күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.