20:43, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
Алматы облысының әкімі ҚХА-ның 20 жылдық мерекелік медалімен марапатталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан - бірлігі бекем, тағдыры ортақ - Мәңгілік ел» тақырыбында XXI сессиясы өтті, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сессия жұмысына 600-ге тарта адам қатысты. Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, қазақстандық патриотизмді бекемдеуге лайықты үлес қосқаны үшін сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне орай бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды. Мерекелік медаль алғандар қатарында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та бар. Марапатты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егор Каппель табыстады.