Алматы сотында ҚР Конституциясының мерейлі мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтті

«20 жыл бұрын өзінің Конституциясын қабылдап, тәуелсіз еліміз демократиялық даму жолында қадамын нық басып, экономикалық және әлеуметтік жаңарудың тиімділігі үшін іргетасын мықты қалыптастыра бастады. Біздің Негізгі заң демократияның ең жоғарғы стандартына, қоғамның мүддесіне, ұлттық саясатпен ойластырылған халықтың әдеби-тарихи дәстүрлерінің сақталуына жауап береді. Осы екі онжылдықтың өзінде Негізгі заңымыз өзінің мемлекеттің тіректік негізін анықтаған, қоғамдағы өмірдің принципін, басымдылығын, ең басты құндылық адамның құқығы мен бостандығы үшін нақты қолданыстағы құжат екендігін дәлелдеді», - деді Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай.
Мерекеге орай судьяларды марапаттау жалғасын тапты. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, қалалық соттың әкімшілік және азаматтық істер бойынша аппеляциялық сот алқасының төрағасы Б.Мәліктегі, бірқатар судьялар III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, II дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» Құрмет белгісімен марапатталды.