Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы велоклубына Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың есімі берілді

АЛМАТЫ.  20 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылы Алматыда велоспорттан кәсіпқой спортшылар арасында протур өтуі мүмкін.

Алматы велоклубына Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың есімі берілді

Бұл бүгін  Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтің  ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуровпен болған кездесуінде айтылды. Қазақстандық спорттың дамуы жөнінде ой бөлісу кезінде осындай идея айтылды. Енді таяу арада А.Винокуров әріптестерімен бұл  жобаны жүзеге асыруды қолға алатын болады. Кездесу барысында сондай-ақ, Алматының велоклубына Олипиада чемпионы Александр Винокуровтың есімін беру жөнінде шешім қабылданды. «Алматы» велосипед клубы шаһар  басшысының бастамасы бойынша 2010 жылы құрылған болатын. Ондағы басты мақсат -  қалада велоспортты дамыту. Оның құрамына ВМХ мен маунтинбайк енген. Аталған клуб қазір велосипед қозғалысын көпшілік арасында кеңінен насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мол үлес қосып келеді

«Қазақстан ол күндері Олимпиадамен өмір сүрді, бірінші күннен-ақ жеңіске жетуге құлшынып отырдық. Қазақстандық құраманың алғашқы табысы бізді қанаттандырды», -  деді А. Есімов құттықтау кезінде. Спортшы: «Мені біздің қанжығамызға алғашқы алтынды байлағаным мақтанышқа бөлейді, осылайша Олимпиадаға келген спортшыларымызға оң ықпал жасадым, олар бұл қарқынды іліп әкетіп, деңгейді еш төмендеткен жоқ», -  деді спортшы. Алматыда кәсібилер ғана емес, әуесқойлардың қатысуымен де веложүрудің дәстүрге айналғандығын естіген А.Винокуров:  «Бұл - суперидея, көпшіліктің велосипедпен жүруге қызығушылық білдіруінің маңызы зор. Оның мегаполис тұрғындары, экология және адам денсаулығы үшін пайдасы мол. Қала әкімінің осы бастаманы көтергені, тіпті өзінің де веложүрулерге қатысуы сөз бен істің қабысып жатқандығын көрсетеді», -  дегенді айтты.