Алматыда 1 шілдеде мамандандырылған тергеу соты жұмысын бастайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 шілдеден бастап тергеушілердің қызметін қадағалайтын арнайы тергеу соты жұмысын бастайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 1 шілдеде мамандандырылған тергеу соты жұмысын бастайды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының басшысы Мартбек Кәкімжановтың айтуынша, аталған сотты жүргізудегі мақсат - сотқа дейінгі тергеу органдарының қызметін қатаң қадағалау.