Алматыда «316-шы атқыштар дивизиясы» деректі фильмінің көрсетілімі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Ғылым ордасы» РМК кешенінің «Аманат» киноклубында 8-ші гвардиялық Панфилов атқыштар дивизиясының Мәскеу түбіндегі ерлігіне 75 жыл толу қарсаңында «316-шы атқыштар дивизиясы» атты толықметражды деректі фильмінің көрсетілімі болды.
None
None

Оның авторы - кинорежиссер, сценарист, ақын, аудармашы, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы АҚ президенті Бақыт Қайырбеков көрсетілім алдында оқырман қауымға 28 панфиловашылар ерлігінің мән-мағынасы туралы әңгімелеп берді.

 

«28 панфиловшылардың ерлігі болмаған деп бөсушілердің сөздері жалған. Бұл жерде мәселе шайқастың 1941 жылы 16 қарашада болғаны-болмағанында немесе панфиловшылар санының 28 немесе одан да көп болғанында емес. Шайқас Дубосеково маңында 16 қарашаға дейін де, 16 қарашадан кейін де болған. Жауынгерлер күн сайын ерліктің тамаша үлгілерін көрсетіп, Отан үшін опат болып жатты. Ол жерде 28 ғана емес, жүздеген жауынгер мәңгі өшпес ерлік көрсетті. Осы күндері 4-ші рота толығымен қырылды. Ол қайта жасақталды. Тағы да қырылды. Әрине, кейбір жерінде ерлік әспеттеліп көрсетілді. Шын мәнісінде Дубосеково жол айрығына жаудың 50 танкісі емес, 17 танкісі шабуыл жасады. Иә, Клочков әйгілі ұран сөзді айтқан жоқ. Бірақ, оны хаттарынан, орденмен марапатталған кезде айтқан сөздерінен соған жақын сөздерді оқуға болады. Бірақ, бұдан жасалған ерліктердің ұлылығы, құдыреттілігі еш төмендемейді. Шын мәнінде осы 28 панфиловшылардың ерлігі соғыста ғаламат психологиялық роль атқарды. Осы ерліктің арқасында көп адам еңсесін көтерді. Бұл ерлік талай адамды ерлік жасауға итермеледі. Бұл жерде мен осы 28 панфиловшылар туралы алғаш рет газетке ақпарат берген әскери журналист Александр Кривицийдің поэтикалық ерлігін де айрықша бағалар едім. Ол әрине шынайы шындық тұрғысынан алып қарағанда кейбір деректерді әсірелеп көрсетті. Бірақ, бұл жалаң емес, қасиетті шындық еді», - деді Б. Қайырбеков.

Айта кетелік, фильм 2007 жылы жарыққа шыққан. Оны дайындауға 1,5 жыл уақыт кеткен. Ұзақтығы - 52 минут. Фильм 2007 жылы Севастополь қаласында өткен «Бірге жеңіске жеттік» телекинофестивалінде «Жауынгерлік бауырластық» аталымы бойынша лауреат атанған.

Фильм көрсетіліп болғаннан кейін  автор көрермендердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар