Алматыда 84 жастағы кейуананы қағып кеткен автокөлік жүргізушісі ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 8 маусымда 84 жастағы кейуананы қағып кеткен автокөлік жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

«Әжей қазір ауруханада жатыр. Шыққан соң, алған дене жарақатына байланысты сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Ал оны қағып кеткен, жолсызбен жүре беретін автокөліктің жүргізушісі ұсталды. Енді алдағы уақытта қажет болып жатса басқа да сараптамалар жүргізіледі», - деді С. Әзірбек.

Айта кетелік, бұл оқиға туралы 12 маусым күні таңертең Фейсбук әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында қала тұрғыны Елена Бономанко хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, оқиға 8 маусым күні сағат 14:00-де Жандосов көшесі 36 мекенжайында болған.

«Жас жігіт жолсызбен жүретін көлігімен үйдің ауласында артқа қарай жылдам қозғалып, қарт ананы қағып кетті. Кейуана айқайласа да ол оны естімей, артқа қарай жүре берген. Тек темір бағанаға барып соғылып бір-ақ тоқтаған. Әйтпесе, әйелді басып өтер еді. Қарт әйелдің айтуынша, жігіттің есімі Роберт Пак. Екінші қабатта тұратын туыстарына қонаққа келгенге ұқсайды. Өйткені, оқиғадан кейін оның туыстары әжейге «шу көтермеңіз» деп келіпті. Дәрігердің айтуынша, қарт ананың тірі қалғаны таңқаларлық жағдай. Оның 3 қабырғасы және жамбас сүйегі сынған. Жүре алмайды және әсіресе түнде жарақаты қатты сыздайды», - деп жазған болатын. 

Соңғы жаңалықтар
telegram