Алматыда әлеуметтік топтарды қолдауға 59 млн теңге бөлінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда нан бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік топтарды қолдауға қосымша 59 млн теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихат депутаттарының бектіліген бюджетке өзгеріс енгізу туралы жиынында белгілі болды.
None
None

Аталған төлемді іске асыру үшін Алматы мәслихатының 2013 жылғы 28 қарашадағы №183 «Әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізіліп, әлеуметтік көмек мөлшері сомасы артады.

Аталған әлеуметтік төлем ҰОС ардагерлеріне, олардың артында қалған жесірлеріне, Ауғанстанда қаза тапқандардың жесірлеріне, тұрмысы төмен отбасыларға, бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауруы бар бірінші топтағы мүгедектерге төленеді.

Айта кету керек, бүгін Алматыда мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен жиында 2016 жылға қала бюджеті 80 млрд теңгеге өскені белгілі болды.

Мемлекет басшысының Алматыға сапарынан соң қаланың дамуына республикалық бюджеттен 58,3 млрд теңге және жергілікті бюджеттен былтырғыдан үнемделген 21 млрд теңге қосылды.

Соңғы жаңалықтар