Алматыда «Ана тілім - ардағым» атты тілдер фестиваліне 30-дан астам этномәдени бірлестіктер қатысты (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда Достық үйінде Халықаралық ана тілі күніне арналған «Ана тілім - ардағым» атты тілдер фестивалі өткізілді.
None
None

Фестиваль аясында арнайы этноағарту кешендері оқытушыларының тәжірибе алмасуы бойынша арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оған қатысушылар жексенбілік мектептердің қызметін мемлекеттік тұрғыда қолдау мәселелері мен ана тілін оқып үйренудегі заманауи ұстанымдарды талқылады.

Сондай-ақ, семинар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының тұсауы кесілді.

«Әрбір ұлт пен этностың ана тілі - оның рухани қазынасы. Ана тілі ғасырлар бойы халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрінен нәр ала отырып дамиды. Сондықтан әрбір адам өзінің ана тілін жетік меңгеруі тиіс және басқа да тілдерді үйренген абзал. Өйткені адам баласы басқа тілдерді үйрене отырып, рухани тұрғыда байи түседі. Қазіргі таңда елімізде этномәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тіл мен қоса сол этностың ана тілі жан-жақты оқытылып келеді», - деді өз сөзінде Алматы қаласындағы «Луйс» армян мәдени орталығының төрайымы Наринэ Микаэлян.

Семинар-тренингке ҚХА Төрағасының орынбасары Любовь Ни, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Қапалбек Бижомарт, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров және осы Ассамблея мүшелері, жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері және тіл мамандары қатысты.

Сондай-ақ, фестиваль аясында «Ана тілі - халықтың рухани құндылығы» атты көрме ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік тіл мен этностық тілдерді дамытуға арналған оқу құралдары, әдістемелік кітаптар және түрлі әдеби шығармалар қойылды.

Бұдан соң, іс-шара Халықаралық ана тілі күнінен арналған концертке ұласты. Онда этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар ұжымдары мемлекеттік және өз тілдерінде ұлттық әндерді шырқап, би билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Ана тілім - ардағым Ана тілім - ардағым Ана тілім - ардағым Ана тілім - ардағым Ана тілім - ардағым Ана тілім - ардағым Ана тілім - ардағым

Соңғы жаңалықтар