Алматыда «ARTBAT FEST 5» халықаралық фестивалі аясында инсталляциялық көрме ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «ARTBAT FEST 5» атты бесінші халықаралық қазіргі заманғы өнер фестивалі өтуде.
None
None

Алматыда осымен бесінші рет өткізіліп отырған аталмыш шарада қазақстандық және шетелдік суретшілердің қалалық ортаға арналған «паблик-арт» (қоғамдық өнер) жобалары ұсынылады.

Дәстүр бойынша ARTBAT FEST фестивалі төрт бөлімнен тұрады. Олар: қоғамық кеңістіктегі паблик-арт жобалары, көрмелік және білімдік бағдарламалар, сондай-ақ арнайы жобалар. Әрбір бөлімнің өз мақсаты, міндеті бар және аудиториясы да әртүрлі.

Фестиваль аясында Жібек жолы көшесінен бастап Республика алаңына дейін көшелік инсталляциялық көрме ұйымдастырылды.

Сонымен қатар фестиваль күндері қалада тағы үш көрме ашылмақ. Солардың бірі - «On Love and Other Teachers» көрмесі бүгін ашылды. Мұнда Қазақстанның қазіргі заманғы жас суретшілерінің туындылары қойылды. Басты тақырып - махаббат.

«Алмалы» сауда ойын-сауық орталығының автокөлік қоятын жерасты паркингінде ашылған бұл көрмеге 35 жасқа дейінгі жас қазақстандық және шетелдік суретшілердің картиналары мен инсталляциялық туындылары қойылған. Басты тақырып - махаббат. Суретшілер өз еңбектерінде махаббатқа қатысты естеліктерін немесе бастарынан өткен қандай да бір жәйттерді пайдаланған. «Жалпы қазіргі заманғы өнер - бұл жаңа формалар, жаңа символдар. Мұнда суретшілер үнемі ізденісте болады. Олар қандай да бір жаңа идеяны көрерменге жеткізу жолында жаңа түстер, жаңа көрнекі құралдар қолданады, инсталляциялар әзірлейді», - деді көрме тәлімгері, IADA қауымдастығының негізін қалаушы Дина Байтасова.

Фестиваль 28 тамыздан 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар