Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда Азия мен Кавказдағы табиғи ортаны сақтап қалу мәселесіне арналған халықаралық семинар басталды

АЛМАТЫ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматыдағы «Алатау» шипажайында «Азия мен Кавказдың жабайы табиғаты мен оның түрлі мәселелерін басқаруға қоғамды жұмылдыру» атты халықаралық семинар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда Азия мен Кавказдағы табиғи ортаны сақтап қалу мәселесіне арналған халықаралық семинар басталды

БҰҰ-ның Европа мен Орталық Азиядағы Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы мен Чехияның Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырған шараға Түркия, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Түркіменстан мен Өзбекстанның жануарлар дүниесі мен табиғатты қорғау саласының өкілдері қатысуда. Бұлардың қатарында Бүкіләлемдік жануарлар дүниесін қорғау ұйымының, Славян елдері жануарлар әлемін қорғау ұйымының бас хатшылары, БҰҰ-ның Европа мен Орталық Азиядағы Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының өкілдері, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев, Чехия Республикасының Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Мартни Лиска бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үш күнге созылатын семинар барысында өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланып, тәжірибе алмасылады.

«Қазіргі әлемде түрлі апаттар мен адамзаттың түрлі іс-әрекеті салдарынан табиғи ортаға орасан зор зиян келуде. Қазіргі кезде жабайы табиғи орта Азия мен Кавказ елдерінде көбірек сақталып отыр. Сондықтан оны ары қарай сақтап қалуға мемлекет пен халықаралық ұйымдар ғана емес қоғамның да атсалысуы қажет. Бүгінгі семинар барысында осы өзекті мәселе әңгіме арқауына айналады» дейді Чехия Республикасының Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Мартни Лиска.