Алматыда британдық мұғалімдер сапарының нәтижесін талқылауға арналған жиын өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы достықтың аясында ЕТТЕ жобасымен мұғалімдерге ағылшын тіліне үйрету жұмыстары жалғасуда. Қала мұғалімдері үшін Британ Кеңесінде білім беру сайттары және британдық интернетті қолдану бойынша әр түрлі тренингтер, кәсіби тұрғыда дамуға арналған курстар өтіп тұрады», деп атап өтті Жарас Сандыбаев. Ол 2009 жылдың желтоқсан айында білім сапасын жақсарту мақсатында ағылшын тілі мұғалімдерінің жиыны өткенін айта келіп, оның нәтижесінде, елімізде ағылшын тілін сапалы оқытуға байланысты бірқатар шара жоспарлары құрылды деді. Сонымен қатар, ол 2010-2011 оқу жылдарында 3 мектепте ағылшын тіліне теңескен оқу бағдарламаларды мақұлдау бойынша тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылатынын мәлім етті.
Ж.Жабаев атындағы №161-ші гимназия директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Роза Мантаеваның пікірінше, Ұлыбритания қонақтарын жалпы білім беру деңгейіндегі бейінді және бейін алды дайындықтар қызықтырған. «Қонақтар қазақ және ағылшын тілінде өткен қолданбалы курстағы математика сабағына қатысты. Одан кейін, біздің гимназияда психологиялық тренингтер өтті», деді Роза Мантаева.