Алматыда екі көлікті соққан жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол апатына кінәлі деп күдіктелген Toyota Land Cruiser жүргізушісі бұрынғы полиция қызметкері болып шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Аталған іс бойынша, Департамент ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен Жол ережесін бұзуға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Бұған дейін, Полиция департаменті Land Cruiser жүргізушісінің полицияға қатысы жоқ деген болатын.

«39 жастағы Land Cruiser жүргізушісі Құдайберген Ибраимов қазір ауруханада емделіп жатыр. Ер адам бұрын Алматы қалалық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасындағы процессинг орталығында старшина шеніндегі техник болып қызмет атқарған. Ер адам 2018 жылдың 12 желтоқсанында жұмысынан өз еркімен шығып кеткен», - деді департаменттен.

Полиция Ибраимовтың қымбат көліктің кімге тиесілі екенін де айтып өтті.

«Land Cruiser көлігін Ибраимов өзінің танысынан 3 жыл бұрын бөліп төлеймін деп сатып алған. Оның әйелінің айтуынша, Ибраимов қарызын әлі төлеп біткен жоқ», - деді баспасөз қызметінен.

Полиция департаменті жарық шығаратын жилетті кез-келген адам сатып ала алатынын хабарлады.

Еске салсақ, жол апаты қаңтардың 7-сінен 8-не қараған түні әл-Фараби- Жароков көшелерінің қиылысында болған. Toyota Land Cruiser көлігі BMW маркалы автомобильді қағып, содан кейін Mazda көлігіне барып соғылған. Жол апатынан Land Cruiser көлігінің жүргізушісі жарақат алған. Оқиға куəгерлерінің айтуынша, Land Cruiser жүргізушісінің үстінде жарық беретін киім болған.

Соңғы жаңалықтар