Алматыда «Елшілік сағаты» өтеді

Ы. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 2-сі күні Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде «Елшілік сағаты» өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Райнер Ойген Шлагетер, Алматыдағы Бас Елші Герольд Амелунг, Мәдениет, экономика және баспасөз атташесі Аня Зайфертпен басқа да құрметті меймандар қатыспақ. Университеттің оқытушылар қауымы мен халықаралық қатынастар факультетінің студенттерімен болатын бұл кездесуде екі елдің арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас әңгімеге арқау болады деп жоспарлануда. Бұл Қазақстандағы Германия жылы аясында Алматыда өтетін екінші шара болмақ. Оның алғашқысы - Қазақстан-неміс университетінің ұйымдастыруымен бүгін ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өтіп жатқан «Еуропаға жол» бағдарламасы: Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның ынтымақтастық моделі» деген халықаралық ғылыми конференция.

Соңғы жаңалықтар