Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша 40 кәсіпорын бос жұмыс орындарына адамдар қабылдауда

АЛМАТЫ. 19 маусым. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 2012-2015 жылдарға арналған екінші кезеңі жүзеге асырылуда.

Алматыда еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша 40 кәсіпорын бос жұмыс орындарына адамдар қабылдауда

Бұл туралы бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында өтіп жатқан аталмыш бағдарлама бойынша азаматтарды қабылдау шарасы кезінде айтылды.

«Былтырғы жылы 1 маусымнан біздің партияның көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының алғашқы кезеңі басталған болатын. Онда білім алған жастарды жұмыспен қамтып қана қоймай, кәсіби біліктілігін көтеру үшін мемлекет тарапынан  қаржыландырылатын тегін оқыту курстары да қарастырылған», - дейді партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Әділ Несіпбаев.

Оның айтуынша. бүгінгі шараға Алматыдағы 600-ден астам өндіріс мекемелерінің қырқы қатысуда. Онда жұмыс берушілер өз сұранысы бойынша азаматтармен келісімшарттар жасасатын болады. Алғашқы ақпараттар кешкі  6-дан кейін белгілі болады. Ал бұл бағдарлама бойынша жұмысқа тұрған азаматтардың нақты саны туралы толық ақпарат бір айдың ішінде дайын болады.