Алматыда есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес мәселесі бойынша Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің бірінші отырысы өтуде

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда психотропты заттар мен олардың прекурсорлары және есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес бойынша
None
None
Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің бірінші отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің бұл отырысында ҚР Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов Кеңес төрағасы болып сайланды. Орталық Азиялық аймақтық үйлестіру орталығына директор ретінде кандитурасы ұсынылып отырған Бексұлтан Сәрсековтың айтуынша, басқосуда орталықтың маңызды құжаттарын және кеңес мүшелерін бекіту қарастырылып отыр. «Қазіргі таңда есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес туралы Қырғызстан мен Тәжікстанда арнайы агенттік бар. Ал Қазақстанда бұл мәселе Ішкі істер министрлігінде бекітілген. Бұл кеңесте сондай-ақ Ауғанстанға қатысты мәселе арнайы қаралып, жиын соңында ортақ шешімдерге келуіміз мүмкін. БҰҰ деректерінше, алдыңғы жылға қарағанда былтыр Ауғанстанда апиын өндіру көлемі азайғанымен оның сапасы артқаны байқалды. Сонымен қатар ол елде есірткі қорлары да сақталған деген мәлімет бар», - дейді Б. Сәрсеков. Жалпы Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы шешім 2006 жылы 7 мемлекет басшыларының Ташкенттегі кездесуінде қабылданған болатын. 2007 жылғы қарашаның 1-інен бастап жұмыс жасайтын бұл орталықты құру туралы келісімді қазіргі таңда Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан республикалары бекітті, ал Ресейде ол Мемлекеттік Дума қарауында жатыр. Орталықты құрудағы басты мақсат ? мүше мемлекеттердің ұлтаралық есірткі қылмыстарына қарсы бірлескен іс-қимылын тиісті органдардың күшімен үйлестіру. Мемлекетаралық орган ретінде онда заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес бағытында ақпарат алмасу, талдау, қорғау, сақтау және жинау жұмыстары қамтылмақ.
Соңғы жаңалықтар