Алматыда Халықаралық арбитраж және Аралық соты арбитрларының кездесуі өтуде

АТЫ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Төреліктің тарихы тереңде жатыр. Сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ біздің бабаларымыз дау-дамайды тәуелсіз тараптың қатысумен шешуге тырысқан.

Алматыда Халықаралық арбитраж және Аралық соты арбитрларының кездесуі өтуде

Оған Билер соты нақты мысал бола алады. Бұл туралы бүгін Алматыда Халықаралық төрелік және ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының жанындағы Аралық сот арбитрларының кездесуінде айтылды.

"Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы алғашқылардың бірі боп Төрелік комиссия құрды. Одан кейін Халықаралық төрелік және Аралық соттар құрылды. Осылайша ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы республикадағы төрелік институттардың құрылуының басында тұрды. Ал 2010 жылы 22 шілдеде арбитрлер мен аралық сотдың жаңа реестрі бекітілді. Оған Қазақстаннан - 49, шетелдіктерден кәсіби заңгерлер енді", - дейді ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ерлан Қожасбай.

Оның айтуынша, шетелдіктердің 16-сы Ресейден, 10-ы Қырғызстаннан, 8-і Өзбекстаннан, 5-еуі Қытайдан, 4-еуі Германия, Оңтүстік Корея, Үндістан, және Франциядан келгендер. Бұл кездесуге қазақстандық 25 арбитр қатысты. Оған сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан және Франциядағы арбитрлар он-лайн жүйесі арқылы қосылды.