Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда ІІД өкілдері жүк көлігінің жол апатына ұшырау себебін анықтауда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Ішкі істер департаменті кеше түнде Саин көшесіндегі айналма жолда болған жол-көлік апатының себебін анықтау үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда ІІД өкілдері жүк көлігінің жол апатына ұшырау себебін анықтауда

«Жол-көлік апатына қатысты іс Әуезов аудандық ІІБ жолданды. Оқиғаның себебін анықтау үшін автотехникалық және өндірістік бірқатар сараптама тағайындалды. Жүк көлігінің рөлінде 1992 жылғы ер адам болған», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, ол жол-көлік оқиғасынан екшкім зардап шекпегенін айтты.

Еске сала кетейік, кеше 4 қазан күні түнгі сағат 22-30-дар шамасында Алматының Саин көшесінде қиыршық тас тиеген жүк көлігі аударылып, үш жеңіл көлікті соғып кеткен.

Қытайда шығарылған SHACMAN жүккөлігі әл-Фараби бағытымен айналма жолда келе жатқан. Бастапқы болжам бойынша жол өтпесінде тежегіші істен шыққан.

Жүк көлігі «Porsche Cayenne», «Тайота Камри-50», «Лада гранта» көліктерін қиратып кеткен.