Алматыда ІІІ Халықаралық қуыршақ фестивалі өтеді
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - 15-21 қыркүйек аралығында Алматыда ІІІ Халықаралық қуыршақ карнавалы өтеді. Оның ашылуы бүгін ҚР тұңғыш Президенті саябағында карнавальдық шерумен басталады, оған барлық тілек білдірушілер қатыса алады, ал спектакльдер мемлекеттік қуыршақ театрында көрсетіледі.
Биылғы жылы еліміздегі байырғы мәдениет мекемесі әлемнің әр түпкірінен - Қазақстан, Иран, Италия, Испания, Ресей, Тәжікстан, Румыния, Израиль елдерінен 13 театрды қарсылайды. Қазылар алқасының құрамында атақты өнер қайраткерлері бар: Мигель Аррече - Толос қаласындағы TITIRIJAI Халықаралық қуыршақ фестивалінің негізін қалаушы және тең басшысы; Ханс Хартвич-Мадсен - Даниядағы UNIMA президенті; Марек Журавский - музыкант, композитор; Станислав Дубков - Омбы мемлекеттік қуыршақ театрының директоры, Ресейлік UNIMA орталығы кеңесінің мүшесі; Шара хедлайнері - Италиядан белгілі өнер шебері Гаспаре Насуто.
Карнаваль барысында барлығы он аталым бойынша, үздік актерлер ансамблі, спектакль, соның шінде балаларға арналған спектакль, көшедегі қойылым, режиссер, актер және актриса анықталады. Жүлделер - 500 АҚШ доллары және одан жоғары. Карнавальдың Гран-приі - 10 000 доллар.