Алматыда инновациялық педагогикалық технологияны енгізуге арналған дөңгелек үстел өтеді

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 11 мамыр күні «Инновациялық педагогикалық  технологияны енгізу негізінде құзыреттілігі  бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру» деген тақырыпта  дөңгелек үстел жиыны өтеді.
None
None

Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі  «Ашық есік» күні аясында ұйымдастырылып  отыр. Бұл шараның басты мақсаты:  бәсекеге қабілетті түлектерді қалыптастырудағы білім беру  мекемесінің  инновациялық іс-әрекеті режимінде білім сапасын көтерудің шарты ретінде педагогтың кәсіби құзыреттілігінің өзекті теориялық және тәжірибелік  мәселелерін  талқылау. Онда мына жәйттар талқыға түседі деп жоспарланып отыр:  Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі жаңа педагогикалық құзыреттіліктер. Қазіргі заманғы педагогтің кәсіби құзыреттіліктерінің бағыттары мен механизмдері және олардың  тиімділігін арттыру  шарттарын анықтау.  Түйінді құзыреттердің динамикалары мен мазмұндары аясында субъектілерді қою және міндеттерді шешудегі келешекке арналған зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттары мен міндеттері. Мониторинг және  педагогикалық іс-әрекет сапасын бағалау. Болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелері.  Маманның түйінді құзыреттері: жұмыс берушілер көзқарасы.

Соңғы жаңалықтар