Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда инвестициялық-сауда форумы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда «Қазақстан-Германия: өз бизнесіңді Орталык Азияның жүрегінде дамыт» атты инвестициялық-сауда форумы өтіп жатыр,

Алматыда  инвестициялық-сауда форумы  өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форум аясында ауылшаруашылық, азық-түлік, жеңіл және ауыр өнеркәсіп салалары қаралып, екі ел арасындағы сауданы дамытудың алдағы перспективалары қарастырылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы басшысының орынбасары Элдар Қонаевтың айтуынша, Германия еліміз үшін Еуропадағы сауда жағынан негізгі серіктес ел болып келеді, ал Қазақстан олар үшін Орталық Азиядағы экономикасы ілгері шыққан әріптес болып табылады.

«Германдық капиталдың арқасында елімізде 500-ден астам кәсiпорындар құрылса, Қазақстан экономикасына салынған германдық инвестицияның ортақ мөлшері 3,6 миллиард АҚШ долларын құраған», дейді Э.Қонаев.

Шараға Алматы қаласы әкімшілігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Қаржы және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Германияның Қазақстандағы бас елшілігі, Қазақстандағы германдық экономика клубы, Германдық экономиканың Орталық Азиядағы өкілдігі қатысуда.

Қазақстандағы Германия елінің Алматыдағы консулы Герольд Амелунгтың айтуынша, соңғы жылдары Германиямен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас өте белсендi түрде жүруде.

«Биыл осы елде Германияны жақынырақ таныстыруға мүмкіндікі туып отыр, екі жақты әрекетті биік деңгейге жеткізу барысында көптеген шаралар ұйымдастырылмақ. Елдерiмiз арасындағы экономикалық қатынастарды ары қарай дамыту iсі экономиканың барлық салалары бойынша жүргізілмек», дейді консул.