Алматыда исламның дамуындағы жаңа бағыттар туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

МАТЫ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жаһандану ғасырындағы туындаған проблемалар аясында оның толеранттылық құндылығы айқын көрінуде.
None
None

ҚР Дін істері жөніндегі агенттігінің Алматы қаласындағы департаментінің директоры Ершат Оңғаров бүгін Алматыда өтіп жатқан "Исламның дамуының жаңа бағыттары және олардың Орталық Азиядағы тұрақтылыққа тигізетін әсері" деп аталатын халықаралық конференцияда осылай айтты.

"Ислам -ізгілік діні. Құран түскен кезден ақ мұсылмандар басқа дін өкілдеріне төзімділікпен қараған. Толеранттылық құндылығы қосымша келген жанама ұғым емес", - дейді Е. Оңғаров. Оның айтуынша, лаңкестіктің исламға еш қатысы жоқ. Керісінше ол ислам дінінің ішінде бүлік тудыру, арандату және қаралау үшін жасалып жатқан дұшпандық пиғылда жүрген күштердің әсерінен туындап жатқан құбылыстар.

Соңғы жаңалықтар