Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда қайырымдылық аукционы өтеді

АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда 13 қазанда Дүниежүзілік хоспистер мен паллиативтік көмек беру күніне орай «Өмір сүргім келеді!» деген ұранмен қайырымдылық аукционы болады.

Алматыда қайырымдылық аукционы өтеді

Бұл шараны «Саламатты Азия» онкологиялық сырқаттарды қолдайтын қоғамдық қоры, ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы және «Ассорти» мейрамханасы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты - «Мен сенімен біргемін» балалар хосписінде тіркелген онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды қаржылай қолдау. Онда суретшілер апалы-сіңіліГаБо, Шеге, Т.Волкова, Ж. Жұбанова, А. Ақылбекова, В.Григорьян, Е. Григорьян, Г. Макаровтың жетекшілігімен салынған балалардың картиналары қойылады.

Алматыдағы 2011 жылы ашылған «Мен сенімен біргемін» балалар хосписі - сырқат балалар өз өмірінің қиын кезеңдерін үрейсіз де, қамсыз өткізуін, әрі олардың ауруға төзімді болуын қамтамасыз етумен айналысатын Орталық Азиядағы бірден-бір мекеме. Орталықтардың пациенттері - жазылмайтын ауруға шалдыққан бүлдіршіндер. Мамандардың айтуынша, тек Алматы қаласында жыл сайын емделуі қиын 250-ден астам сырқат бала хоспис қызметіне зәру. Ал Қазақстан бойынша 7 мыңнан астам бала обырмен (рак) ауырады. Өкініштісі, бұл көрсеткіш жыл өткен сайын өсіп келеді. Сондықтан қайрымдылық шараларында: онкологиялық аурумен ауыратын көмекке зәру, науқас балалар мәселесін көтеру; оларға көп болып қол ұшын берудің жолдарын қарастыру; хоспис жұмысын және оның мүмкіндігін кеңейтуге байланысты қаражат мәселесін қарастыру көзделген. Бұл іс-шараға қатысу адамдарды адамгершілік пен парасаттылықтың негізгі қасиеттерінің бірі - қайырымдылық жасауға, мейірімді болуға жетелейді.