Алматыда Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің стратегиялық ынтымақтастық бойынша ІІІ жиыны өтті

Бұл туралы «Самрұқ-Энерго» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Жиынды Іскерлік кеңестің тең төрағалары «Самрұқ-Энерго» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмасадам Сатқалиев пен Samsung C&T Corporation бас директоры және Президенті Ким Шин аша отырып, Қазақстан-корей экономикалық ынтымақтастығы сауда және инвестиция саласында терең өзара іс-қимылды нығайтуға, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының экономикалық беделін көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жиынға Қазақстан мен Корея ірі компаниялары мен қауымдастықтарының басшылары қатысты. Қатысушылар құрамына Қазақстан тарапынан «KEGOC» АҚ, «СК-Фармация» ЖШС, «Astana innovations» АҚ, «Казақстандық индустрия дамыту институты» АҚ, «Біріккен химиялық компания» ЖШС, «Қазпочта» АҚ және т.б. басшылары, ал Корея делегациясы жағынан LG International, Hyundai Corporation компаниялары, Daewoo халықаралық корпорациясы басшылары, Корея Республикасы Сауда, Өнеркәсіп және Энергия министрлігі өкілдері және т.б. кіреді.
Іскерлік кеңестің жиыны барысында Қазақстан мен Кореяның ірі компанияларының басшылары инновация және ғылым саласы, көлік, қаржы және энергетикалық секторларында өзара әрекеттестік, инвестицияға тарту саласында ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Корея компанияларының өкілдері ерекше мағыналы VI Астана экономикалық форумының көрмесінде қойылған перспективалық индустриялық-инновациялық жобаларды ұсынды.
Іскерлік кеңестің Қазақстан жағынан тең төрағасы «Самрұқ-Энерго» АҚ Басқармасының төрағасы А. Сатқалиев жиын барысында энергия тиімділік пен электр энергия көздерін жаңарту саласында келешекті ынтымақтастық талқыланғанын ерекше атап өтті.
«Іскерлік кеңестің әрбір отырысы - тәжірибе алмасудың өсуіне мүмкіндік
және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасына стратегиялық құнды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында көп көмек береді», - деп сөзін түйіндеді Алмасадам Сатқалиев.
Өз кезегінде Корея жағынан тең төраға Samsung C&T Corporation бас директоры және Президенті Ким Шин Іскерлік кеңестің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ризашылық білдірді, сондай-ақ жиын қорытындысына жоғары баға берді.
Жиын барысында Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің келесі, яғни IV жиынына қатысты пікірлер мен қажетті ұсыныстар енгізілді. Келесі жиынның ашылу салтанаты ағымдағы жылдың қазан айында Корея Республикасында өтіледі деп жоспарлануда.
Корея Республикасы Қазақстан Республикасының стратегиялық серіктесі болып табылады. Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналым көлемі 1 млрд. аса АҚШ долларын құрайды. Қазақстан эскпортының негізгі тармақтары - уран, ферроқорытпа, темір мен қоспасыз болат прокаты, алтын, мыс, импорты - электроника, машина жасау жабдықтары мен өнімдері.
Бірлескен іскерлік жобалар бойынша Оңтүстік кореялық инвестициялық портфелі 8 млрд. аса долларды құрайды. Ірі жоба болып «Самрұқ-Энерго» АҚ мен Samsung C & T корпорациясы жүзеге асыратын 1320 МВт қуаттылығымен «Балқаш ЖЭС құрылысы» болып табылады.
Жобаның маңыздылығын «Астана - Улькен» телекөпірі форматында өткен осы электр стансасының құрылысын ашу салтанатына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Президенті Ли Мён Бактың қатысуынан байқауға болады.
Қазақстанда Оңтүстік Корея каптиталы қатысуымен бірнеше бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді, «Самсунг» тобының бөлімшелері: «Эл-Джи электроникс» және «Эл-Джи Интернэшнл», «Эс-Кей Корпорэйшн», «Хёндэ», «Эн-Ти-Си», «Ритекс», сондай-ақ құрылыс фирмалары: «Дониль Хайвил», «Урим», «Сонгвон» и «Хёнджин». Корея банктері («Кукмин», «Шинхан» және «Ури») және құнды қағаздар бойынша компаниялар («Ханхва секьюритиз», «Хёндэ секьюритиз», «Дэу кэпитал» және басқалары) белсенді жұмыс атқарады. Қазақстанда Оңтүстік Корея Ssangyong (Allur Auto), Kia (Asia Auto) және Hyundai (Astana Motors) автокөліктерін құрастырады.