Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 6-шы отырысы өтуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыс барысында Алтынкөл (Қазақстан) және Хоргос (Қытай) аумағында Қазақстан мен Қытай теміржолдары арасындағы екінші теміржол өтпесін орнату, Достық-Алашаңқай кеден өтпесі арқылы жүк тасымалының болжамды көлемі, екі ел арасындағы теміржол көлігінің жүк, контейнер тасымалын дамыту мәселелері талқылануда.
Бұдан тыс, Қорғас арқылы Қазақстан мен Қытай теміржолдарын қосу мәселелері қаралуда. Сонымен бірге, кеден өтпесі арқылы жүк, контейнер және транзит тасымалы дамыту бойынша ұсыныстарды талқыға салу жоспарлануда.
Маусымның 3-і күні аяқталатын кездесу қорытындысы бойынша тараптар хаттамаға қол қояды, сондай-ақ 2010-2011 жылдарға арналған жұмыс тобы мен кіші комитеттің 7-ші отырысының алдын-ала күн тәртібі мен жұмыс жоспарын келіседі.