Алматыда Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне арналған саяси клуб отырысы өтеді

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - /Сайлау Абылаев/ - Шілденің 15-інде Алматыда Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Парламентаризм институтымен бірлесе отырып, «Саяси диалог мәдениетін құру және келіссөздер жүргізу арқылы жан-жақты қатысуды ілгері жылжыту» жобасы ауқымында «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту факторы» тақырыбында аймақтық саяси клуб отырысын өткізеді,

Алматыда Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне арналған саяси клуб отырысы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Даму бағдарламасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Отырыстың басты мақсаты - әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы ұстанымдарын жетілдіру жөнінде ұсынбалар әзірлеу болмақ.

Саяси клуб отырысының жұмысына азаматтық қоғам институттарының, саяси партиялардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар және сарапшылар қатыспақ.