Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда қазақстандықтардың олимпиада жеңістері құрметіне велошеруді қала әкімі бастаған 200 адам қолдады

  АЛМАТЫ. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін, Лондандағы ХХХ жазғы олимпиада ойындары жабылатын күні Алматы қаласының әкімдігі Спортты дамыту және қолдау қорымен және Velostan.kz Қазақстан велосипедшілері қоғамдастығымен бірлесіп, олимпиадалық бұқаралық велошеру өткізді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Алматыда қазақстандықтардың олимпиада жеңістері құрметіне велошеруді қала әкімі бастаған 200 адам қолдады

Олимпиадашыларды Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бастаған 200-ден астам велосипедшілер қолдады. Велосипедшілер «Сұңқар» шаңғы трамплині халықаралық кешенінен Орталық стадионға дейін жүріп өтті, осы жерде шараның ресми бөлігі болды.

Велошеру қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде әкім спорт жетістіктерінің елдің беделін қалыптастырудағы маңызын атап көрсетті. Олимпиададағы жеңіс қазақстандықтардың жалпыға ортақ қуанышы мен мақтанышын туғызумен қатар әлемнің біздің елімізге ықыласын едәуір арттырды.

«Бүкіл елімізді ұйымдастырып, барша әлемге Қазақстанның атағын асқақтатқандардың бәріне рахмет!», - деді  Velostan.kz велоқоғамдастығының өкілі Думан Қапасов.