Алматыда «KazBuild 2015» Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесіне 52 елден 400-ге жуық компания қатысуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Атакент» Іскерлік Орталығында 22-ші Қазақстандық халықаралық «KazBuild 2015» құрылыс және интерьер көрмесі ашылды.
None
None

Оған әлемнің 52 елінен 367 компания қатысуда. Олардың ішінде Германия, Италия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия және басқа да елдерден келген компаниялар бар. «Бұл дәстүрлі көрме Қазақстанның құрылыс саласында және бүкіл Орталық Азия аймағында үлкен рөл атқарады. Оған биыл 52 елден 367 компания қатысып отыр. Олардың арасында ұлттық компания топтары да бар. Ресейдің Краснояр және Қорған облыстары арнайы ұжымдық стенд ұйымдастырды. Бүгінгі «KazBuild 2015» және «Aqua-Therm Almat-2015» халықаралық көрмелерін ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін ҚР Инвестиция және даму және Ұлттық экономика министрліктері мен Алматы әкімдігіне алғысымды білдіремін», - деді өз сөзінде бүгінгі көрмелерді ұйымдастырушы ITE Group PLC компаниясының өңірлік директоры Эдуард Строон. KazBuild 2015 көрмесінде құрылыс, интерьер, яғни ғимараттың, үйдің ішкі көрінісі, өңдеу материалдары, терезе технологиясы, күйіктас және тас өңдеу салаларына қатысты материалдар, жабдықтар және әзірлемелер қойылған. Көрме 5-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар