15:06, 21 Тамыз 2020 | GMT +5
Алматыда кезекші топтарға тек 1-2 сынып оқушылары қабылданады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мегополис мектептерінде кезекші топтар 1-2 сынып оқушылары үшін ғана ашылатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуал Денсаулық сақтау басқармасы мен СЭС бақылауында. Бүгінгі таңда жұмыс істейтін ата-аналардан кезекші сыныптарын ашу туралы өтініштер көптеп түсуде. Осыған байланысты барлық орта мектептерде 1-2 сынып оқушыларына «кезекші сынып» ашу туралы шешім қабылданды», - деді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.
Арнайы түзету мектеп-интернаттарында да 1-ден 4-ке дейінгі бастауыш сыныптар үшін штаттық режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
«Кезекші сыныптарда» сабақтың ұзақтығы 40 минуттан аспайды.