Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 9 мыңға жуық шетелдік жауапқа тартылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2022 жылы Алматыға 99 мың шетелдік келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының көші-қон полициясының мәліметінше, былтыр қалада уақытша жүрген шетелдіктердің саны 99138 адамға жетті.

«2022 жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 35938 адам жазаланды, оның 8824-і шетел азаматы. Әкімшілік жолмен 695 шетелдік елден шығарылды. 1828 басқа елдің азаматы жеке басын куәландыратын құжаттары болғаны үшін ПД-ның қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды», – дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар ол шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 195 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылғанын айтты.

«Былтыр қалада заңсыз көші-қонның 17 арнасы анықталып, жолы кесілді»,- деп атап өтті басқарма бастығы.


Соңғы жаңалықтар