Алматыда Қытай Халық Республикасының 60 жылдығына арналған көрме ашылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 12-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында «Аспанасты елінің өнері» көрмесі ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көрме Қытай Халық Республикасының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Ә. Қастеев атындағы мұражайда жалпы 1000-ға тарта аспан асты елінің өнер туындысы бар. Бүгін солардың ішінен ең таңдаулы мәдени жәдігерлер көрермендерге ұсынылды. Мұража й тарихында алғаш рет белгілі шеберлердің туындыларынан осыншама көп баспа гравюрасы мен қытайлық суретшілердің кескіндемелік және графикалық жұмыстары қойылып отыр. Сонымен қатар көрмеде Қытай сәндік-қолданбалы өнерінің сан алуан түрі мен техникасы көрсетілді. Бұған қоса, ағаштан, тас пен сүйектен кесіліп жасалған көркем бұйымдар бар. Көрме сәуір айына дейін жалғасады.
Соңғы жаңалықтар