Алматыда мұнай өңдеу, мұнай химиясы және мұнай өнімдерінің «КazRefinEx-2011» симпозиумы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда 6-шы Халықаралық мұнай өңдеу, мұнай химиясы және мұнай өнімдерінің «КazRefinEx-2011» симпозиумы өтіп жатыр.

Алматыда мұнай өңдеу, мұнай химиясы және мұнай өнімдерінің  «КazRefinEx-2011» симпозиумы өтіп жатыр

Оны халықаралық «Cаspian Business Events» конференциялық компаниясы ұйымдастырды. Екікүндік бұл шараның басты мақсаты - ҚР Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, ең алдымен озық технологиялар мен еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңарту жөнінде сарапшылар мен өндіріс басшылары үшін пікірсайыс алаңын жасау. Өйткені қазіргі таңда отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірісті жаңарту үрдісі жүріп жатыр.

Жалпы дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл басқосуға биыл 12 елдің 70-тен астам химия және мұнай өңдеу компанияларының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен ғалымдар қатысып жатыр. Симпозиум кезінде Қазақстанның мұнай химиясы және мұнай өңдеу салалары бойынша көзге түскен компаниялар мен қызметкерлері «Сала ардагері», «Жылдың үздік жобасы», «Зауыттың үздік маманы», «Сала жобасының үздік менеджері», «Үздік экологиялық бағдарлама», «Сала инвесторы», «Сала болашағы» аталымдары бойынша «Refining Leaders Awards» сыйлығы табыс етілмек. Онда сонымен қатар, журналистер үшін де арнайы «Үздік журналистік жұмыс» сыйлығы тағайындалып отыр.